Аудандық емхананың бас дәрігері жол апатынан қайтыс болды

ашық дереккөз

Қайғылы жағдай Доскей мен Көкпекті ауылдарының арасындағы тас жолда болған. Таңертең 25 жасар азамат тізгіндеген «Нива» автокөлігі қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 59 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Кейін оның Қарқаралы аудандық емханасының дәрігері Светлана Сүлейменова екені анықталды.