Қарағанды тұрғындары қантқа таласты

ашық дереккөз

Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде қантқа таласқан тұтынушылар арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды деп хабарлайды LIFE 09 ақпараттық порталының тілшісі.
Видеоны біздің әлеуметтік парақшаларымызға оқырмандар жіберді. Видео  "Аян" супермаркеттерінің бірінде түсірілген. Кадрдан тұтынушылар бір-бірін итеріп жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қант тапшылығы себеп болды. Сауда орны әкімшілігі полиция шақыруға мәжбүр болған. Сатып алушылардың шабуылынан кейін сауда сөрелері маңы шашылып жатыр. Еденде тұз қораптары, макарон пакеттері, төгілген қантты көруге болады.