2023 жылға арналған махаббат жұлдыз жорамалы

https://www.bigmir.net/

2023 жыл тоқты үшін махаббатқа толы болмақ. Сіз кімге сезім білдірсеңіз де жауапсыз қалмайды. Дегенмен, нағыз сәтті уақыт жылдың екінші бөлігі. Оған дейін кезіккен адамдардың арасында өзінің отбасылы екенін жасырып қалатындар да кезігуі мүмкін. Үйленгісі келген не болмаса тұрмысқа шыққысы келген тоқты маусым айынан былай қарай жоспарын жүзеге  асыра берсе де болады.

Ал, отбасылы тоқтылар ара-тұра болса да өзінің жұбына жақсылап көңіл бөлгені жөн. Сондай-ақ, отбасында нәрестенің дүниеге келу мүмкіндігі жоғары жыл екенін де есіңізге саламыз.Тоқтылардың есіне махаббат ұлтқа бөлінбейтінін ескертеміз.

Торпақ үшін махаббат айдынында қалыпты жыл десек те болады. Күйіп-жанатын оқиғалар кездеспесе де жалғыз басты торпақтар отбасы құру керек екенін жылдың алғашқы бөлігінде түсінетін болады. Сондықтан да өзінің екінші жартысын іздейтін болады. Осы уақытқа дейін жұп таппаған торпақтар өз жұбын достық қатынаста болған адамдарының арасынан іздейтін болады.Кім білсін, бәлкім бұл дұрыс та шығар...

Ал, отбасылы торпақтар үшін бұл жыл ың-шыңсыз, тыныш өтеді.

Ажырасқан торпақтар іштегі ашуын дос-жаранның ортасында, у да шу басқосулармен емдемек болады. Дегенмен, екінші жарты жылдықта есін жиып, өз бағыты бойынша жұмысқа беріле кіріседі.

Егіздер үшін 2023 жыл қызық болмақ. Бұл жылда сіздің басыңыздан барлығы өтуі мүмкін. Қол жетпес арманыңызға бір қадам қалғаныңызда маңдайыңыз тасқа тиюі де, сәттілік жолдас болуы да мүмкін. Барлығы өзіңізге байланысты. Жалғыз басты егіздер есепке негізделген қарым-қатынастан да бас тартпайтын жыл болғалы тұр. «Уақытша» деп саналған қатынастың аяғы шын махаббатқа ұласып кетсе таң қалмайық. Ол үшін бас пайданы ысыра тұрып, өзгенің көңіліне қараған жөн.

Шаян өзіне қымбат жандарға жылу мен махаббат сыйлаудан бұл жылы да жалықпайды.Әрине, ондай сезімнің жауабы да лайықты болмақ. Алайда, шаянның осы мінезін білетін кейбіреулер оны пайдаланып кету қауіпі де бар. Бұл сынақтың көбі алғашқы жарты жылда бастан өтпек. Сондықтан да отбасы құрғыңыз келсе күзге қарай қапы қалмаңыз. Екінші жарты жылдықта алған шақыртудың ешбірінен қалмаңыз. Төрт қабырғадан босап, дос-жаранмен көңіл көтеруді ұмытпаңыз. Бұл жыл махаббат майданында сіздің жеңіспен аяқталады.

Арыстандар бұл жылы махаббатты екінші орынға қоятын болады. Өміріңіздегі қарбалас сәттер, өз орныңызды табудағы күрес жолы махаббатқа орын қалдырмауы да мүмкін. Бірақ, өзіңіздің арыстан екеніңізді ұмытпасаңыз махаббатта да оң өзгерістер болатынына сеніңіз. Күз айларына дейін өміріңіздің қалған бөлігін бірге өткізетін жанмен кездесуіңіз екіталай.

Отбасылы арыстандардың өмірінде шаңырақ шайқалу қауіпі көктемнің ортасына дейін басымырақ. Ұсақ-түйекке бола жанжал шығармауға тырысқан жөн. Ал, болашаққа байланысты жоспарларды серігіңізбен шегелеп алғанның артықтығы жоқ.

Бикештерге бұл жылы абай болған жөн. Эмоцияға беріліп, асығыс шешім жасамаңыз.Дегенмен, өміріңізге өзгеріс әкелетін бейтаныс жанға есігіңіз бен құшағыңызды қатар ашуға әзір болыңыз. Сіз ол адамды ісінен де, сөзінен де бірден танитын боласыз. Бұндай жаннан іргеңізді аулақ ұстауға тырыспаңыз. Шешімді асықпай қабылдағаныңызбен бұл нағыз махаббатыңыз екенін түсінесіз.

Ажырасуға бел буған егіздер болса қайта ойланғаны жөн. Өткен-кеткен оқиғаны, қызықты сәттеріңізді бірге еске алыңыздар. Бәлкім, арадағы бықсып жанған шоқ қайта маздар.

Қашанда есебі түгел таразы үшін махаббат айдынында кедергі көп кездеседі дей алмаймыз. Бұрынырақта басталған қарым-қатынастың барлығы одан әрі бекіп, туған-туыс сіздің тойда тамаша ән айтып, би билейтін жыл. Отбасылы таразылар үшін мамыр мен маусым айында ұрыс-керістен сақ болған жөн. Дегенмен, таразы деген аты бар бұл жұлдыз иелері әрдайым дұрыс шешім қабылдайды деп сенеміз.

Саршаяндар бұл жылы махаббат айдынында өз-өздеріне мәселе тауып алуы мүмкін. Қиялыңдағы оқиғалардың авторы өзің екенін және олардың өмірде болмағанын ұмытпа! Болмаған дүние үшін ұрысу, ажырасу өміріңіздегі ең үлкен қателіктің басы болуы мүмкін. Өз жұбыңызды баяғыда ұмыта бастаған адамыңызбен салыстыруды тоқтатсаңыз сіз де бақытқа лайық боласыз. Сондай-ақ, әсіре қызғаншақтықтан сақ болыңыз. Мидағы мәселелерін жеңген саршаян махаббатта еш кедергісіз алға жылжымақ.

 

Мергендердің сыналар сәті осы. Әрдайым тез шешім шығара алатын мергеннің атқан оғы мүлт кетпейді деп сенейік. Махаббат мәселесінде өзіңіз бірінші қадам жасаңыз. «Маған ұнайтын адамға мен ұнамай қалсам не болады?»,- деп жүре бермеңіз. Егер, бұл жылы сіздің көңіліңізге біреу қаяу салса ол адаммен ара-қатынасыңызды біржола үзген жөн.

Отбасылы мергендерге бір ғана ескерту айтамыз. Үйіңізге белгілі бір мерзімге келген бейтаныс жаннан сақ болыңыз. Адамның барлығы жақсы ниетпен келеді дегенге сене бермеңіз.

Тауешкі бұл жылын махаббатқа емес, жұмысқа арнайтындай. Оның махаббаты – жұмыс десек қателеспеспіз. Жеке өмірі өз ағысымен ағып, басқа біреу қайда бұрса сонда кетіп қалуы да мүмкін. Бұның оң әсері тек қана ажырасқалы жүрген жұптарға пайдалы болуы мүмкін. Сіз жасай алмаған қадамды серігіңіз жасайды. Мүмкін, отбасыларыңызды сақтап қалу да сол кісінің қолында шығар... Тауешкі жекелей алғанда  бұл жылы махаббат айдынында үлкен өзгеріс жасауға дайын емес.

Суқұйғыш үшін бұл жыл барлық бағытта аса сәтті жыл емес. Таныстықтың махаббатқа ұласуы екіталай. Туыстарыңызбен де, таныстарыңызбен де ашық сөйлесіңіз. Өзіңізді мазалап жүрген сұраққа жауап таппай алға ілгерілеймін деу бекершілік. Кей сәтте жалғыз қалғыңыз келетіні сіздің сезіміңіздің суығанын білдірмейтіндігін серіктесіңізге түсіндіре алсаңыз ғана өміріңіздегі сұрқай түс ашық түске айналмақ.

Балықтар адамнан идеал жасамау керегін түсінгені жөн.Кемшіліксіз адам болмайтынын ұмытпаңыз. Жалғыз жүрген балықтар айналасына анықтап бір қарағаны жөн. «Дос» деп жүрген адамыңыздың сізге деген сезімі болуы да ғажап емес.

Отбасылы балықтар серігінің қызғаныш тудыруына себеп бермегені жөн.