Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

ашық дереккөз

Қарағанды облысында соңғы тәулікте 83 адамнан індет анықталды. Облыс "жасыл" аймақта. Пандемия басталғаннан бері COVID-19-дың расталған 159 831  жағдайы тіркелді.

Ағымдағы жылдың 22 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%, яғни 728 245 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ы. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен  66,6%  немесе  680 627  адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,2%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 278 553 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын  халықтың  58,6%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 22 тамыздағы мәліметтер бойынша 36 046 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың  73,1%.

Әлем күресіп жатқан дертті жеңудің бірден-бір жолы — екпе алу. Вакцина ақысыз және әр қарағандылыққа қолжетімді!

Осыған байланысты халыққа дұрыс шешім қабылдап, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан өтуді ұсынамыз, тек осы жағдайда ғана ұжымдық иммунитет үшін жағдай жасалатын болады. Егу арқылы ғана біз COVID-19-ды жеңе аламыз!