Елімізде 26 адам коронавирус инфекциясына шалдықты

ашық дереккөз

Қазақстанда бір тәулікте 2792 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтанда – 847;

Алматыда – 435;

Қарағанды облысында – 361 адамнан вирус анықталды.

4 тамыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан – 28 223, коронавирус пневмониясынан – 274 адам, барлығы 28 497 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 1 477 пациент стационарда, 27 020 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

– 35 адамның жағдайы ауыр;

– 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;

3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан 3 адам қайтыс болғанын мәлімдегенін жазған болатынбыз.