Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінге дейін елімізде Covid-19-дан 13 666 адам көз жұмды. Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустан 27 747 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде
– 1 505 пациент стационарда емделуде;
– 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда;
– 32 адамның жағдайы ауыр;
– 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
3 тамыздағы ақпарат бойынша, соңғы тәулікте 2661 адамнан індет анықталды. Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан – 949;
Алматы – 446;
Қарағанды облысында – 344 адам вирус жұқтырған.