Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шабуыл жасады

Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шабуыл жасады

Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шабуыл жасап,  ADNOC мұнай өнімдерін сақтау резервуары маңында орналасқан үш мұнай танкерін жарып жіберген. Бұдан бөлек,  Абу-Дабидегі халықаралық әуежай аумағында өрт шығыпты. Әйтсе де, шабуыл нәтижесінде инфрақұрылымдарға айтарлықтай зиян келмепті.

 Russianemirates сайтының жазуынша, Үндістанның екі азаматы және Пәкістан азаматы қаза болған. Ал, тағы алты адам жарақат алыпты. 

 Eadaily мәліметі бойынша, Иранға қарсы "Ансар Аллах" қозғалысының Йемен армиясы (хуситтер) және халық комитеттері БАӘ аумағына соққы беру үшін 20-ға жуық дрон мен 10 баллистикалық зымыранды қолданған. Ливан телеарнасы Абу-Даби орталығында ұрыс әрекеті жалғасып жатқанын хабарлады.