Майқұдықтағы саябақ құрылысы қалай жүріп жатыр?

LIFE09 ақпараттық агенттігінің фотосы

Жазда Майқұдықтағы «Қазақстанға 50-жыл» атты саябақты қалпына келтіру жұмыстары басталған болатын. Үш ай ішінде жоспарлау және жер жұмыстары өткізілді. Қазір веломотоэкстримге арналған алаң, субұрқақ пен веложол салуға дайындық басталды. Жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ, парктің кіре берісіндегі арка реставрациядан өтті.

1

Жергілікті билік астаналық сәулетші Асхат Сәдуовтың ұсынысынан бас тартып, арканың бастапқы дизайнын қалдырып, тек түсін ғана өзгерткен.  Себебі, халықтың көзі үйреніп қалған деді саябақтар басқармасынан. Жауапты мекеменің айтуынша, жөндеу жұмыстары екі маусымға жоспарланған.

1

Жуырда жарықтандыру мен көгалдандыру қолға алынады. Қалған бөлігі көктемге қалады. Жоспар бойынша Майқұдық саябағында 18 метрлік құрғақ фонтан, ролик жолақтары, 2400 метрлік веложол, бірнеше футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, балалар ойнайтын, жануарлармен серуендейтін, спортпен шұғылданатын аймақтар және дәретханалар құрылысы жүзеге асады. Алда келе жатқан Жаңа жылда Майқұдықтың тұрғындарын үлкен шырша мен көлемді сырғанақ қуантпақ.