Ақселеу Сейдімбек:Енді мына қолым қалам ұстамас...

https://adebiportal.kz/kz/news/view/aqseleu-aqiqaty__2184

Бүгін жазушы, этнограф,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері Ақселеу Сейдімбектің туған күні. Осы орайда біз Ахаңның тұстастарының естеліктерін жариялауды жөн санадық.

Кеңес Одағының және Қазақстанның халық әртісі, Кеңес Одағының және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов:

- Сондай әулие кісі еді ғой. Өзіне тән паңдығы, салдығы, серілігі, сана биігіне жетуі... Біржан сал, Ақан серілер заманында туатын адам ғой Сол кісілермен иық тіресе жүрер еді. Біздің заманда бізге тап болған соң біз оны өз жолымызға салып жібердік...

Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, "Ғасыр адамы" Темірғали Көкетаев:

- Мен физика-математика деп жүрген адам едім. Мені руханиятқа, осы ортаға алып келген Ақселеутін. Онымен әр кездескен сайын бойыма шексіз энергия құйылатын. Қаншама адамдармен дастархандас болып жүрміз. Қаншама адаммен кездестім. Дәл Ақселеудікіндей аура ешкімде жоқ. Мен ұлтты сүюді осы Ақселеуден үйрендім. Қайтыс боларынан аз уақыт бұрын 3-4адамдық отырыста бас қостық. "Мен енді мына қолдарыммен жазу жаза алмайтын секілдімін", деп еді...