Айсұлтан Сейітов халықаралық кинофестивальде үздік режиссер атанды

Ашық дереккөз

Режиссер Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайы "Life09" ақпарат агенттігі.

Айсұлтан Сейітов Шанхайдың 25-ші мерейтойлық халықаралық кинофестивалінде «ҚАШ» дебюттік картинасымен «Үздік режиссер» номинациясын ұтты.

«ҚАШ» фильмі қысқа тізімге еніп, Asian New Talent санатындағы бірден үш номинацияға іліккен еді:

Best Film — Aisultan Seitov

Best Director — Aisultan Seitov

Best Script Writer —Ablay Nurmanbetov

«ҚАШ» фильмі 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылықты екі ағайындының жеке тарихы арқылы баяндайды. Картина түсірілімі 2020 жылы басталып, 2022 жылы фильм Қазақстанда кең прокатқа шықты. Фильмді көрермендер жылы қарсы алды, сондай-ақ қазақстандық киносыншылардың бірқатар марапаттарын алды.