Ғарыш тақырыбындағы 3 фильм

https://pixabay.com/

Бүгін адамзаттың  ғарышты игерген күні. Мүмкін, асыра айтып жатқан болармын. Ғарышты игермекке жасалған алғашқы сәтті қадамы, космонавт Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқан күні. Сонымен, осынау аталмыш күні ғылыми-фантастика жанырындағы, ғарыш тақырыбындағы фильм жиынтығын ұсынамыз.

«2001:A Space Odyssey» фильмі. Қазақшаласақ «2001 жыл. Ғарыш Одиссеясы» деп жобалап отырмыз. Бұл фильм ғарыш жайлы кино түсіргісі келетін режиссердың, сценаристің қағбасына айналған фильм. Себебі, бұл тақырыптағы ең алғашқы фильм болғандығында ғана емес, визуал тұрғыда, ғарыш саласының эстетикасын бере білуінде. Фильмді көрер болсаңыз 1968 жылы шыққан фильм дегенге сену қиын. Саусақпен санасаңыз Гагарин ғарышқа ұшқан соң небары 7 жылдан кейін түсіріліпті-ау...

«Интерстеллар» фильмі. 2014 жылы жаорыққа шыққан туынды. Көпшілік өте жылы қабылдады. Бұл фильмді біреу «2001:A Space Odyssey» туындысының көшірмесі десе, келесілер логикалық жалғасы деп баға берген.  Фильм идеясын Нобел сыйлығының иегері, физик Кип Торн жазған. Бізге мүмкін емес, фантастика секілді көрінетін кейбір құбылыстар мен сәттерді физик «Бұл физика заңына қарсы келмейтін дүниелер. Сценарийге миға симайтын дүние қоспадық» деп түсіндіреді.

«Марстық (адам)» деп аударсам қателесе қоймаспын келесі фильмді. 2015 жылы түсірілген бұл фильмді «Марстағы Робинзон Крузо» десек те болатындай. Расымен де оқиға кейіпкері Марс планетасында жалғыз қалып, тіпті картоп өсіретін жері де бар. Фильмнің көпшілікке ұнаған бір тұсы комедиялық реңкінің де болуы.