Қазақша түс жору

https://pixabay.com/ru/

 «Түс түлкінің боғы» деген мәтелден соң «Біздің қазақ түске аса мән бермеген»,- деп тұжырым жасай салуға болмайды. Бұл түс көрушінің жайсыз түсіне байланысты сырғытпа жауап ретінде айтыла салады, кейде өз-өзін жұбату үшін қолданады. Тіпті, қазақтың ырымшылдығы сондай түсін кез-келген адамға айтып, екінің біріне жорытпайтын болған. Мырза көңіл қазекем көрген түсін жақсылыққа жорып берген адамның астына ат мінгізіп те жібере салатын болған.

Сонымен, қазақы түс жору:

  • Егер сіз түсіңізде балық аулап жүрсеңіз һәм ұстаған болсаңыз, тіпті, жәй ғана балық көрген күннің өзінде мұны жақсылықтың нышаны, нақтыласақ байлыққа кенелуге жорыған.
  • Түсіңізде нәжіс көрсеңіз бұл да байлыққа көрінген түс.
  • Түсіңізде сақал-мұртыңыз ағарып кетсе ауру-сырқаудың белгісі.
  • Түсіңізде өзіңіз өліп қалған болсаңыз ұзақ жасайтын боласыз.
  • Түсте айна көру, айнадан өзін көру уайымның белгісі делінген.
  • Аспанда аппақ бұлттар жөңкіліп жүрсе кіріс кіреді.
  • Аяғы ауыр келіншек түсінде қасқыр көрсе бойына ұл бала біткені.
  • Аяғы ауыр келіншек түсінде пышақ көрсе де халқымыз ұл бала туылады деп жорамалдаған.
  • Түсіңде алтын-күміс көру байлықтың белгісі.
  • Түсіңізде арыстан көрсеңіз маңызды қонақ келуі мүмкін немесе лауазымды адаммен кездесесіз.
  • Түсте пышақ көру ұрыс-жанжалдың белгісі.
  • Түсіңізде лай суға шомылсаңыз қайғыға, мөлдір суда шомылып жүрсеңіз қуанышқа жорылған.
  • Түсіңде өлген адамнан бірдеңе алған болсаң өңіңізде ойда-жоқта бір кіріс кіреді немесе сыйлық аласыз.
  • Егер де өлген адамға әлдене беріп жүрсе жақын арада шығын шығады.
  • Түсіңізде тісіңіз түсіп қалса жақын-жуығыңыздың бірін жоғалтасыз.
  • Басыңызға тымақ, тәж киіп жүрсеңіз ісіңіз алға басады. Лауазымыңыз артады.
  • Түнерген аспан көрсеңіз жақында бір қайғыға кезігуіңіз мүмкін.
  • Жалаңаш еркек көру кедейшілікке, істің кері кетуіне белгі.
  • Түсіңізде қызыл киім киіп жүрсеңіз не болмаса қызыл көрпе жамылып жүрсеңіз сырқаттануыңыз мүмкін.
  • Түсіңізде әйел көрсеңіз сәттіліктің белгісі.
  • Жалаңаш әйел көрсеңіз өтірік пен өсекке ілігесіз.
  • Түсте бала көру жақсылықтың, қуаныштың белгісі.
  • Түсіңізде шаң сүртіп жүрсеңіз өмірдегі сәтсіздіктердің аяқталуының белгісі.
  • Сұлу әйел көру байлықтың белгісі.
  • Түсіңізде арық әйел көрсеңіз аштықтың белгісі.