Отбасымен көруге болатын жаңа жылдық фильм...

https://ru.kinorium.com/2774612/?photo=50937929

Жаңа жыл дегенде есімізге бірден түсетін бір фильм бар. Ол – «Один дома» фильмі. Бұл фильмнің алғашқы екі бөлімі көпшілік көңілінен шыға білді. Тоқсаныншы жылдардың басында түсірілген бұл фильм әлі де өз мәнін жойған жоқ. Сондай-ақ, қазіргі заманның балаларына да қызық. Бірінші бөлімінде оқиға өз қаласында, үйінде өтсе, екінші бөлімде басты кейіпкер Кевин  Нью Иоркке отбасымен саяхаттап барған  кезде өтеді. Балаларыңызға міндетті түрде көрсететін фильм деп айтар едік.

«Гринч – похититель Рождества» фильмін де отбасыңызбен қысылмай көруге болады. 2000 жылы шыққан бұл фильмнің басты кейіпкері Гринч белгілі бір себептерге байланысты жаңа жылды жек көреді. Әр жаңа жылдың алдында мерекелік көңіл күйде жүрген адамдары жек көріп, жаңа жылды қала бойынша мүлдем қарсы алмайтындай жоспар құрады...

«Эллиот». Бұл мультфильм болғанымен үлкенді де кішіні де өзіне баурап алатын оқиғаға толы. Жаңа жыл қарсаңында тек адамдар ғана емес, жан-жануарлар әлемінде де өзгеріс болады. Олар да Аяз атадан сый күтеді һәм тілек тілейді. Эллиоттың арманы Аяз атаның шанасына жегілетін 12 бұғының бірі болу. Бұл шығармада арманға деген ұмтылыс, достық пен сатқындыққа да орын табылған.

Фильм тізбегін қалағанымызша соза беруге болады. Дегенмен, «NETFLIX» ұсынған осынау жаңа фильмді отбасымен көруге  әбден болады. «Незабываемое рождество» фильмінің  оқиғасы жаңа жыл алдында шаңғыдан құлап, есін жоғалтып алатын белгілі кәсіпкердің қызы төңірегінде өрбиді. Фильмді «Нетфликс» түсіргендіктен  бір ғана жерінде өздерінің ұстанымдарын білдірмей бізге «итере» салатын жері бар.