Шоқан ғұмыр...

https://almaty.tv/news_photo/1627302168_news_b.webp

Үлкендер жас балаға мейілінше қойылмайтын, «ауыр болып кетеді» деп атайтын біраз есім болушы еді. Дәл сол секілді кино мен театр төңірегінде жүрген біраз адамнан «ауыр рөл» жайлы естігенім бар еді.

Сондай ауыр рөлдердің бірін жарыққа шығарған, «Аққан жұлдыз» фильміндегі Шоқан рөлін сомдаған талантты актер Сағи Әшімов өзінің де  құйрықты жұлдыздай жарқ ете қаларын білді ме екен?

Сағи киноға 9 сынып оқып жүрген кезінен түсе бастаған(ұзын саны 30дан аса фильмге түскен). Әрине, бұл жерде оның Асанәлі Әшімовтың ұлы екені де рөл ойнаған болар. Бірақ, қарапайым көрермен, тіпті, кино саласында жүрген кей әріптестері  Сағидың тума талант екенін «Аққан жұлдыз» фильміндегі Шоқан рөлінен соң мойындады. Осы рөлден соң небары 25 жасар жас жігіт мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.Иә, Шоқан өмірден отызында озса, Шоқан рөлін сомдаған Сағи бақиға 38 жасында аттанған.

Жас буын Сағи секілді керемет актердың өмірде болғанын біле бермеуі мүмкін. Сондықтан да бұл мақала Сағи Асанәліұлы Әшімовтың туған күніне орайластырып жазылды.

                                                                                                Айсұлтан Жақыпов