Жауырыншы

https://documents.infourok.ru/

Бұрынғы аңыз әңгімелердің кейбірінде жауырынға қарап болжам жасайтын жауырыншылар жайлы айтылып қалады. Жауырыншы болатын баланы қалай таңдайтынын білмедік. Тек, жаңа туған нәрестеге ана төсін емгізтпес бұрын арнайы қой сойып, жауырынның басын сорғызтады-мыс. Содан, әлгі жауырынды кептіріп, бала өскенше сақтап қояды екен. Өсе келе жауырын сорған бала сол жауырынға қарап болжам жасайтын болады.

Жауырыншы жайлы аңыз естісеңіздер не болмаса қазіргі таңда жауырыншылықпен айналысатын адамды білсеңіздер пікірге жазып кетсеңіздер де болады.

Баяғыда бір рудың барымташылары екінші бір рудың бір үйір жылқысын қуып кетіпті. «Жылқы барымталанды» дегенді естіген ауылдың атқа мінерлері мықты деген жігіттерден топ құрап іздеріне түсіпті. Ізден адастырмақ болып барымташылар қалай қарай бұрылса да қуғыншылар соңдарынан қалмайды. Аралары шамамен бір күндік жер деседі.  Қуғыншылардың қалмай келе жатқанын қайдан біліп отыр деген заңды сұрақ туындары сөзсіз. Барымташылардың арасында бір жауырыншы бар екен, сол барлығын жауырынына қарап болжап отырса керек. Қуғыншылардың да осал болмағаны түсінікті. Үшінші күн дегенде қуғыншылардың арасынан пыш-пыш сөз шыға бастайды. «Бұлар енді жеткізбейді, кім екенін де біле алмаймыз елге қайтайық» сынды сөздер шығы бастаса керек.

 Қуғыншылардың да арасында бір жауырыншы бар екен. Сол жігіт қоржынынан жауырынын алып жіберіп ұзақ үңіліпті. Содан соң, «Жігіттер, рас айтасыңдар бұлай жүре берсек оларды ұстай алмаспыз. Араларында бір жауырыншы бар тәрізді. Сол біздің қай жерде келе жатқанымызды жауырынымен (жауырынымен сезу, көру деген сөз осы кезде шыққан шығар) көріп отыр. Айла-шарғы жасамасақ болмас. Атты теріс ерттңдер!» деп нұсқау беріпті. Қуғыншылар тегіс аттарынан түсіп, аттарының ерін теріс ерттеп алса керек.
Бұл кезде барымташы жақтың жауырыншысы да жауырынына қарап отырса керек. «Жігіттер, енді асықпай осы жерде ат суытып алайық. Қуғыншылар елдеріне қайтты, ерлері теріс қарап кетіп бара жатыр» десе керек. Үш күн,үш түн атсоқты болып шаршаған барымташылардың үстінен кешкілік аттарын теріс ертттеп алған қуғыншылар дәл түсіпті деген аңызды естіп ем бала кезімде.