Жазба ақындарға арналған онлайн байқау

https://pixabay.com/ru/

"SARYARQA AQPARAT"  медиахолдингі жазба ақындарының онлайн байқауын өткізбек. 

Жоба "Ауылдағы ақындар" деп аталады. Бұл ауыл халқына, ауылда жүрген ақындарға арналған онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталатын байқау. Шартымыз да қарапайым.

Ақынның жасы 18 жасқа толған болуы;

Қарағанды облысының тұрғыны болуы;

Қарағанды облысына қарасты аудан не болмаса ауыл тұрғыны болу;

Өз өлеңін видеоға оқып, 87787988999 номеріне (конкурсқа деп көрсету міндетті) жіберу;

Видеоның ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс;

Байқауға видеоларды  желтоқсан айының 7 жұлдызына дейін қабылданады. Жеңімпазға қандай сыйлық беріледі? Біздің ұжым жеңімпаздың ауылына арнайы барып, сол кісінің өмірі жайлы шағын фильм түсіретін болады.