Жазушылар Одағы басшылығына кімдер таласуда?

https://pixabay.com/ru/

Бұл одақты бұрынырақта Нұрлан Оразалин ұзағынан басқарған болатын. Нұрекеңнен соң тізгінді ақын Ұлықбек Есдәулет алды. Міне, ЖО төрағасын қайта сйлайтын кез де келіп жетті. Тек, бұл жолы баяғыдай у-шусыз, әрі кетсе 2-3 адамның қарсылығымен тағайындала салу болмайтындай. Не болса да бір аптадан соң қызықтың көкесін көретін секілдіміз.

Ұлықбек Есдәулет мырза фейсбуктегі парақшасында «Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин да (мені) қолдайтынын айтты. Президент әкімшілігіндегі кураторымыз Аида Ғалымқызы да бізге жақсы баға беріп отыр» деп мәлімдеген болатын. Сөзі дәмді болуы үшін Қаринмен түскен фотосын да салған болатын.

Ұлықбек Есдәулет мырзаның  орынбасары қызметінде біраз жыл жүрген Ақберен Елгезек көктемнің басында  өзінің ЖО кететіндігін, спектаклден шаршағанын жазған болатын. Әрине, Ақберен ақынның да Жазушылар Одағының басшылығынан үміті бар. «Спектаклден шашраған» Ақберенді де үміткерлер санатынан шығарып тастауға болмас.

Биылғы сайлаудың шырайын кіргізуші – жазушы Арман Әлменбет. Арманның бағдарламасынан жаңа буынның  жаңа лебі есіп тұр. Арман Әлменбеттің одақ мүшелігінде жоқтығы да дәмсіз тамаққа тұз сепкендей болып тұрғаны рас. Не болса да бұл жігіт үшін тақым қысушылардың көп екенін көріп отырмыз.

Жазушы, драматург Думан Рамазан ағамыз да өз бағдарламасын ұсынып, жарысқа түсетінін мәлімдеді. Жазушылар одағының бұл жолғы сайлауы соңғы өткен президент сайлауынан да қызықты болатын секілді.