Тоқтар Төлешевке тиесілі балабақша мен шипажай мемлекет меншігіне өтуі мүмкін

ашық дереккөз

Атышулы олигарх Тоқтар Төлешевтың жылжымайтын мүлкі мемлекет меншігіне өтуі мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі ҚР жанындағы орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

“Жоғарғы Сот Төлешовтің (билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін сотталған, Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі) активтерін (Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта ресімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарауда», – делінген ведомство хабарламасында.

 

Сондай-ақ, олигополиялардың пайдасына қабылданған сот актілері бойынша жоғары сот сатысына 4 наразылық келтірілді.

 

Оларды қайта қарау мемлекетке 30 млрд теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді.