Қарағанды облысы әкімінің гранттарына өтінімдерді қабылдау басталды

ашық дереккөз

Қарағанды облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттарын беру бойынша конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды. Олар 7 қарашада сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Қатысуға өңірдің 18 жастан 28 жасқа дейінгі ісін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлері шақырылады.

Қарағанды облысының аумағында жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған конкурс жеңімпаздары 2 млн теңгеге дейін грант алады (бизнес-идеялардың бюджетіне байланысты). Бөлінген гранттардың жалпы сомасы - 100 млн теңге.

Конкурсқа қатысу үшін мына мекенжай бойынша орналасқан фронт-офиске өтінім беру қажет: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4, 135-каб. Құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

Барлық қажетті ақпаратты телеграм арнасынан https://t.me/akimgranty09 сілтемесі арқылы алуға болады.

Конкурс туралы толығырақ мына нөмірлер бойынша да білуге болады: 8-701-122-24-63 (WhatsApp, Telegram), 8-708-605-62-52 (WhatsApp, Telegram).