«9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны рас па?

ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде "9-20-25" бағдарламасы іске қосылатыны айтылды, деп хабарлайды «Life09»  ақпарат агенттігі Massaget.kz-сілтеме жасап.

Бұған дейін Instagram-дағы "dauletten" парақшасында "9-20-25" бағдарламасы ашылатыны туралы ақпаратты жарияланды.

«"Бәйтерек" холдингі Отбасы банкінде "9-20-25"бағдарламасын іске қосады.9 пайыз жылдық үстемақы, 20 пайыз бастапқы жарна, 25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады» , - делінген ақпаратта.

Тілшілер "Бәйтерек" холдингі мен Отбасы банкіне хабарласып көрді.

«"Бәйтерек" бұл ақпаратты растамайды. Отбасы банк сіз айтқан мәліметті ("9-20-25" бағдарламасы іске қосылуын - еск.) растамайды, бізде мұндай бағдарлама жоқ», - деді Отбасы банктің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бүгінде елімізде "7-20-25" бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы - "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ.