"ҚазМұнайГаз" басқарма құрамы өзгерді

ашық дереккөз

"ҚазМұнайГаз" АҚ басқармасында өзгерістер болды. Ақпаратты компания мен Қазақстан қор биржасы (KASE) баспасөз қызметі растады.

Компания мәліметінше, Дмитрий Макеев пен Дәурен Қарабаев басқарманың жаңа мүшелері болып сайланған.

"ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма құрамына бұған дейін компаниядан кеткен Арман Қайырденов пен Дәурен Қарабаевтың орнына Дмитрий Макеев пен Дәурен Абдулғафаров келді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, компанияның басқарма құрамында тоғыз адам бар: Мағзұм Мырзағалиев, Дастан Абдулғафаров, Болат Закиров, Василий Лавренов, Серікқали Брекешев, Дәулетжан Хасанов, Қуаныш Құдайбергенов, Дмитрий Макеев, Диана Арысова.