ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – ЖЕРЛЕСІМІЗ!

ашық дереккөз

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Биыл төртінші жыл өткізіліп отырған бұл конкурстың мақсаты – ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген ауыл әкімдерін анықтау және оларды ынталандыру шаралары аясында жергілікті басқарудағы тиімді, үздік тәжірибелерді кеңінен тарату. Конкурсқа қатысуға еліміздің өңірілерінен жүзден аса ауылдық округ әкімдері ниет білдірді.

Байқау қорытындысы бойынша, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылдық округінің әкімі Рахымбергенов Аслан "Үздік ауыл әкімі" атағына ие болды. Жерлесіміз осыған дейін облыстық кезеңнің үздігі атанған еді.

Айта кету керек, әкімдердің қызметін бағалау кезінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жасаған жұмыс нәтижелері және жұртшылықпен кері байланысты қамтамасыз етуі, жергілікті қоғамдастықтың әкімдерді бағалау қорытындылары ерекше ескерілді.

Сондай-ақ, іріктеу барысында ауыл әкімдері ауылдық елді-мекендерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғап, оларды тұрақты дамыту бойынша ұсыныстарымен бөлісті.