Ақмола облысында Есіл өзені тасыды: суда қалған 4 адам құтқарылды

Сурет: Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында суда қалған аумақтардан адамдар мен жануарларды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы аумағында Есіл өзені арнасын асып тасыған. Соның салдарынан «Стимул» шаруа қожалығының мал қорасын су басып 4 жұмысы шыға алмай қалған.

«Сәуірдің 6-да ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 4 жұмысшыны қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Сонымен бірге, 3 жылқы және 3 ит құтқарылды», - деді ведомстводан.