Балқаштағы демалыс орындарында қоқыс жәшіктері жоқ

Балқаштағы демалыс орындарында қоқыс жәшіктері жоқ

Балқаштағы демалыс орындары өз аумақтарында тазалық сақтамай отыр. Салдарынан Шұбартүбек пен Тораңғылық ауылдары қоқысқа толып кетті.

Бұл рейд жүргізу барысында анықталды. Рейдтің мақсаты – судағы қауіпсіздік шараларын, абаттандыру ережелерін, экологиялық және санитарлық нормаларды сақтауды түсіндіру.

Сондай-ақ, рейд барысында «Алтын құм», «Аквамарин», «Жемчужина» демалыс орындары да тазалық ережелерін сақталмағаны тіркелді.

life09

Жағалау аймақтарының жалға берілген жер учаскелерінде демалыс орындарының иелері қоқыс жинайтын жәшіктер орнатпаған. Демалыс орындарында Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, Балқаш қаласының полиция бөлімі, Балқаш қаласының білім бөлімі аталған қаланың қоғамдық қызметкерлерімен бірге болған еді.