Каспий теңізінде жер сілкінді

Из открытых источников

Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызмет республикалық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Life09 ақпараттық порталының тілшісі. Жер асты дүмпулері 45 шақырым тереңдікте 19 шілде күні тіркелген. Жер сілкінісі Ақтау қаласынан шамамен 329 шақырым жерде болған.