Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №34-ші мекемесінің қызметкерлері экологиялық акцияға өз үлестерін қосты

Сурет: мекеме басшылығынан

Біздің орман, біз оны қорғауымыз керек деген ұранмен Қарағанды қаласында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №34-ші мекеме қызметкерлері екі жыл бұрын өртеніп кеткен орманды қалпына келтіруге ат салысты.

№34-ші мекеме қызметкерлері Қарағанды облысының орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, орман алқабына қылқан жапырақты көшеттерді қолмен отырғызды.

экоакция

«Жаңа ағаш көшеттері қала көркін келтіріп, қала тұрғындарына табиғатты аялаудың маңыздылығын еске салады. Әрбір отырғызылған ағаш біздің кішкентай орманымызды көркейтеді», - дейді №34-ші мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов.