Полиция интернет-алаяқтығының алдын алу мақсатында тұрғындарға бірнеше кеңес берді

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі

Қарағандыда полицейлер интернет-алаяқтарының қарағандылық тұрғыннан 3 миллион теңге алмақ болған әрекетінің жолын кесті. Жыл басынан бастап Қарағанды облысында алаяқтардың құрығына егде жастағы 75 адам түсіп, оларға жалпы соммасы 90 миллион теңге шығын келген. Алаяқтар жәбірленушілердің сеніміне кіру үшін бейнеқоңырау арқылы хабарласып, өздерін банк және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған.

 Осы қылмыстардың алдын алу мақсатында қарағандылық полицейлер қала тұрғындарына бірніше кеңес береді:

1. Ешкімге өзіңіздің жеке деректеріңізді бермеңіздер;

2. Есте сақтаңыз! Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан шетелдік телефон нөмірлерімен WhatsApp желісі арқылы хабарласпайды. Сондай-ақ, тұрғындардың алаяқтар киген нысандық киіміне мән беруін еске саламыз.

3. Егер сізге банк қызметкері және полициядан хабарласып, күдікті операциялар туралы хабарласа, сенбеңіз. Бұл жалған! Тез арада телефон тұтқасын қойып, БАНКтің немесе ПОЛИЦИЯның ресми нөмірлеріне хабарласып, ақпараттың растылығына көз жеткізіңіз!

4. Әлеуметтік желіледен келген сілтемелерге өтпеңіз!

Осы сақтық шараларын сақтау азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі