Q-net қаржы пирамидасын құрған күдікті қамалды

Ашық дереккөз

Талдықорған қаласында Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікті қамауға алынды. Бұл жөнінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік таратқан ақпарат бойынша, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.