Республикалық маңызы бар 14 жол жабық тұр

Сурет: pixabay.com

Республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында су тасқынына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

"7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында (ұзындығы 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды", - деп жазылған хабарламада.

8 сәуір сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр жолды су басқан.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмыс істеп жатыр.