Тұман түсіп, жел күшейеді: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay.com

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазгидромет 25 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді. 

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің барлық өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді.