Түнде Тобыл өзеніндегі су деңгейі көтеріледі

Сурет: pixabay.com

Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі жоғарылағаны байқалып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың болжамы бойынша, өзендегі су деңгейі түнде 825 см-ге дейін көтеріліп, нормадан асады.

«Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары! Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі жоғарылауы байқалады. Сарапшылардың болжамы бойынша, түнде 825 см-ге дейін көтеріледі, бұл 600 см нормадан асады. Одан кейін су деңігейі қалпына келеді. Су басу қаупі бар аймақтардың тұрғындарын үрейленбеуді сұраймыз және құтқарушылардың эвакуациялау нұсқауларын орындаңыз. Кейбір автожолдар жабылады», - делінген хабарламада.