Жыл басынан бері мыңға жуық адам жол апатынан қаза тапты

Из открытых источников

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жүргізушілердің салғырт қарым-қатынасы мен қателіктері, сондай-ақ олардың жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан жарты жыл ішінде еліміздің жолдарында 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, мыңға жуық адам қаза тапты, 8 мыңнан астам адам жарақат алды», – деді ол.

Оның сөзінше, бір тәуліктің өзінде 47 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза тауып, 55 адам әртүрлі дене жарақатын алған.