АҚШ-та көз жұмған қазақ велошабандозының денесі елге әкелінетін болды

ашық дереккөз

АҚШ-та көз жұмған велошабандозымыздың денесі елге әкелінетін болды. Қазір қажет қаражат толық жиналып, тиісті құжаттар рәсімделген.

Дінмұхамед Ұлысбаев қысқа ғана ғұмырында Азия чемпионатының, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының бірнеше рет жүлдегері атанып үлгерген. Бірақ осыдан бір жыл бұрын денсаулығы сыр берген соң, велоспортты тастапты. Кейін 24 жастағы спортшы Америкадан шақырту алып, мұхиттың арғы бетіне кеткен. Алайда осыдан бес күн бұрын оның жүрек талмасынан көз жұмғаны туралы ақпарат шықты.

Оның денесін туған жерге жеткізуге 15 мың доллар қажет екені де жария болған. Сыртқы істер министрлігі қаражаттың бүгін толық жиналып, отандасымыздың денесін ертең жеткізетінін мәлімдеді.