"Еуропа мен Азия арасындағы кабельдер үзілген": Instagram мен Facebook желілерінің істен шығуының себебі белігілі болды

Фото: unsplash.com

Instagram, Facebook және басқа да бірқатар қызметтердің істен шығыуына Қызыл теңіздегі Еуропа, Азия және Африка арасындағы байланыс кабельдерінің үзілуі себеп болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Ақаудың себебі туралы гонконгтық HGC Global Communications Limited байланыс операторы мәлімдеді.

Істен шыққан кабель желілері: Азия-Африка-Еуропа 1 (AAE-1), Europe India Gateway, Seacom және TGN. Зақымдалған кабельдер оңтүстік Қызыл теңізде орналасқан, Йеменнің юрисдикциясына жатады.

Израильдік Globes басылымының мәліметінше, Қызыл теңізде йемендік хуситтердің кезекті шабуылы нәтижесінде төрт су асты кабелі зақымданған. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы интернет байланысының үзілуіне әкеліп соқты, ал негізгі шығын Парсы шығанағы елдері мен Үндістанда тіркелген.