«Ант етемін – ауыр қылмыс болғанын білмедім»: Байжановтың соттағы соңғы сөзі

Фото: Sputnik / Санат Имангалиев

Экс-министр Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан туыс інісі Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Байжановтың соңғы сөзі

"– Маған қарсы жаңа айыптауда “Байжанов жасаған қылмысының ашылып қалатынын біліп, дәлелдерді жасырып, мейрамхананы жауып, қызметкерлерді қайтарып, видеожазбаны жойып, телефонды алып жүрді” делінген. Иә, мейрамхана жабылғанын мен ешқашан жасырған емеспін. Қызметкерлер иә, қайтарылды, мен видеофайлдарды жоюды тапсырдым. Телефонды әкелді, киім-кешегін әкелді. Оның бәрі айтылды. Ол аз десеңіз, соның бәрі кім арқылы қашан жасалғанын бәрін жасырмай айттым. Бірақ мен сол кезде ауыр қылмыс жасалғанын білдім бе? Мен ант етемін – білмедім. Егер білгенде осы әрекеттердің бірде-бірін жасамас едім, 

Мен түсінбек түгілі соның бәрі қылмыстың бетін жасыру екенін білмедім де. Егер мен шынында да, ауыр қылмысты саналы түрде жасыруға шешім қабылдасам, мен өзімді қорғамас едім, өз-өзімді кешірмес едім. Үкім шығармас бұрын “мен мұның бәрін алдын ала білдім бе?” деген сұраққа жауап іздеп көруді өтінемін. Өйткені тергеушілер де, прокурорлар да бұл сұраққа жауап бермеді. Үміт тек сіздерде (алқа билерге қарата). Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын", – деп аяқтады Байжанов сөзін.