Қарағанды облысының мәдениет қызметкерлері облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды

ашық дереккөз

Қарағанды облысында мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Кәсіби мереке қарсаңында 26 адам өңір әкімі сыйлығына ие болды.

Салтанатты шара С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрында өтті.  Биыл алғаш рет "Жыл архивисі" номинациясы берілді.

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актері Кеңес Жұмабековжәне Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік басшысының орынбасары Ғазиз Әжбағамбетов "Мамандыққа адалдығы үшін" бас марапатының иегерлері атанды.

Облыс әкімінің үздік мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған сыйлығы 18 жыл бұрын бекітілген. Осы жылдар ішінде кәсіби байқауға 1780 адам қатысып, 425 мәдениет және өнер өкілдері сыйлық лауреаттары атанды.

2023 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының лауреаттары атанғандар:

- "Жыл әртісі" – Айдос Нұрмағамбетов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының әртісі;

- "Жыл әртісі" – Мария Васильева, Қарағанды музыкалық комедия театрының әртісі;

– "Жылдың үздік эпизодтық рөлі" – Наталья Снегирева, Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театрының әртісі;

– "Жылдың үздік театр режиссері" – Виктор Горемыкин, "Современник" халық театрының режиссері, Теміртау қ.

– "Жыл дирижері" – Ерлан Бақтыгерей, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің бас дирижері;

– "Жылдың эстрада жанрының вокалисі" – Ершат Қонақбаев, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арай" ансамблінің солисі;

– "Жылдың классика жанрының вокалисі" – Нұрбол Темірғалиев, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Әуен" ансамблінің солисі;

– "Жылдың үздік инструменталисі" – Амангелді Үсенов, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің әртісі; Вадим Латыпов – Қарағанды музыкалық комедия театры оркестрінің әртісі;

- "Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы" – Людмила Пропищан, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Мерей" ансамблінің жеке аспата орындаушысы;

- "Халық әнін үздік орындаушы" – Ришат Шабденов, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арқа сазы" фольклорлық ансамблінің солисі;

- "Жыл хореографы" – Нұрқұлан Хасимхан, Нұра ауданы мәдениет үйінің "Шұғыла" ансамблінің хореографы;

– "Балет және хореографиялық ұжымның үздік әртісі " – Айсұлу Ахметжанова, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Аққу" фольклорлық-хореографиялық ансамблінің әртісі;

- "Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі" – Темірбек Сыздықов, "Қайран жастық" халық хорының көркемдік жетекшісі және Қарқаралы ауданының мәдени-демалыс орталығының "Салтанат" ән-би ансамблінің хормейстері;

– "Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы" – Серік Мұқанов, Қарағанды қаласының Теміржолшылар мәдениет сарайының басшысы;

– "Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері" – Гаухар Молдабаева, Бұқар Жырау ауданы Ақбел ауылының клуб меңгерушісі;

– "Ауылдың үздік кітапханашысы" – Шолпан Ахметбекова, Шет ауданының Ақой ауылының кітапханашысы;

- "Үздік кітапханашы" – Марина Подгайнова, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;

- "Үздік музей қызметкері" – Ержан Нұрмағанбетов, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы;

- "Жыл композиторы" – Есжан Әміров, композитор, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры;

- "Алтын жолақ" – Сағат Батырханова, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының баспасөз хатшысы;

- "Үздік айтыскер" – Дидар Ками, Қарағанды облысының айтыскері;

- "Жылдың үздік суретшісі" – Кәріпбек Күйіков, қазақстандық суретші;

- "Жыл архивисті" – Ольга Беркун, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты бөлімінің басшысы.