Димаштың дауысы

Ғаламтор

...Сонымен Димаш феномені бізге не сыйлады?

Біріншіден, ол қазіргі қазақ эстрадасында  жүрген  «жұлдызқұрттардың» дәлірек айтсақ  фанерщиктердің кім екендігін толыққанды көрсетіп берді.

Екіншіден, Димаштың күмістей сыңғырлаған есті үні арқылы қазақтың ән талғамы басқалай сапалық қабаттарға өтті.

Үшіншіден, дауыстың да иерархиялық әрі тектік әулеті болады десек, бұл жағынан Димаштың дауысы  аристократтық дауыс (Ол тек музыка саласында ғана емес, айталық поэзия мен прозаға, керек десеңіз бүгінгі философия мен теология саласына да  дәл осындай  өзгеріс пен шығандау  керек екендігін көрсетіп берді).

Димаш өзінің аристократтық  азат, әм асқақ дауысымен үш ғасыр бойы боданда  болған  біздерді  мықтап тұрып ойлануға, шеңберден шығуға, өзінің ерен дауысымен еркіндіктің шын мағынасы мен қадірін түсінуге шақырады.

Ол маған қазаққа бейне бір осы миссиямен келгендей көрінеді де тұрады.

Ықылас Ожайұлы