Абай Құнанбайұлының бұрын жарияланбаған кітабы табылды

news.myseldon.com

Абай Құнанбайұлының арабша жазылған кітабы Қызылордадан табылды. Жинақ 1982 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізілген. Содан бері ол зерттелмей мекеме қорында шаң басып жата берген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Төте жазуды ешкім оқи алмаған соң, оған ешкім мән бермеген болуы мүмкін, - дейді мамандар. Дегенмен жақында музейдің ғылыми хатшысы бұл жәдігерді зерттеу мақсатында ғалымдардың талқылауына ұсынған. Қазір өлкетанушы Жұмабай Байзақ өлеңдер жинағының қазақша тәржімасын жасап жатыр. Кітап 13 бөлімнен тұрады. Жинаққа ақынның "Масғұт" поэмасы мен 66 өлеңі, аудармалары енген. Ұлы ақынның көне кітабы 1922 жылы "Қазан" баспасынан шыққан деген болжам бар.

Мысалы "қыс" деген сөз екі әріптен "ҚС" деп жаза салған. "Жанына" деген сөзді "жнн" деп жаза салған. Дауысты дыбыстар түсіп қалады. Бұл - арабтың алфавитіндегі бір ерекшелік. Дауысты дыбыстарды қаракетпен белгілейді. Бұл енді сол үрдіске сүйеніп, Байтұрсыновтың төте жазуы пайда болмай тұрған кезінде жазылған қолжазба деп есептеймін, - дейді өлкетанушы Жұмабай Байзақ.