Ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті

Ашық дереккөз

Танымал ақын, журналист Серік Қалиев жол-көлік апатынан көз жұмды деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Бұл туралы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, естен кетпес естеліктерімен бөлісті.

“Алтын ағатайым! Мына қыздың тілі сақау ғой, қалай айтысады" дегенде қалай айтысу керектігін осы қыз үйрететін болады" деп жетектеп әкеліп айтыстың аламанына қосқан асыл ұстазым! Оразаны толық ұстап, бүгін тағы ауыз бекітіп, кешкі құтпан намазды мешітте оқиын деп асығып бара жатқан жерінен көлік апатына ұшырап қайтыс болыпты... Ертең қасиетті жұмада жамбасы жерге тиеді... Алланың сүйікті құлы екенің осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па?! Адам түгіл шыбынды ретжітпейтін пәк көңіл асылым-ай, жатқан жерің жайлы болсын”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскер ақын, журналист Серік Қалиев 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.  

1978-1983 жылдары жоғары оқу орнында (ЖГМҚИ) оқыған. 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың "Қарлығаш" ұжымдық жинағына ("Жалын") енген.