Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары мен айтыскер Айшолпанның арасында дау туды

Ашық дереккөз

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова Асхат Садырбайға берген сұхбатында жас айтыскер Айшолпан Тілеутайға жала жапты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда өзін продюсер деп таныстырып жүрген Мөлдір Мұқанова Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтыскердің оны алдап кеткені туралы айтты.

«Маған бірінші болып өзі келіп, продюсер болыңыз деді. Халыққа, өнердегі әпкелеріне өкпесі бар екенін айтатын. Сахнаға, тойларға шығардым. Бір күні ол жоқ болып кеттіп жылап келді. Мені кешіріңіз деп келіп бір айдан соң бұрыңғы әдетіне салды. Мен оны кешірмеймін!»,- деді Мөлдір Мұқанова.

Сұхбат барысында әзілкештің жары Айшолпаннан рэпер жасағысы келгенін айтты.

«Артта өсіп келе жатқан ұрпаққа қазақтың әдемі сөздерін рэп арқылы жеткізсе екен дедім, осы тұрғысында жұмыс бастаған едік. Мен оған аяқ киімге дейін алып бердім»,- деді Тұрсынбек Қабатовтың жары.

Бірақ Мөлдірдің бұл пікріне Айшолпанның айтар уәжі басқа. Айтыскер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына продюсерінің сөзін жоққа шығарып, бейнеүндеу жариялады.

«Мөлдір ханым маған жала жауып отыр. Мен ешкімнен қорықпаймын! Мен Мөлдір ханымға жылап бармадым, ол кісі бірінші өзі келді. Мені байлардың, шенеуніктердің тойына жіберіп отырды. Астанаға арман қуып келдім. Бір тойда маған домбыра сыйлаған еді, сол домбырамды алып қойды», деді Айшолпан Тілеутай.