«Кенесары ханның басы жоқ» – Ресей тарапы

ашық дереккөз

ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Кенесары ханның басын отанына қайтару мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, Кенесары ханның басы жоқ деген де деректер бар.

«Кейбір мәліметтер бойынша, ресей тарапының айтуынша, бас табиғатта жоқ көрінеді», - деді Айбек Смадияров.

Ол Кенесары ханға қатысты мәселелерді қазақ тарихшылары ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып нақтылауы керек екенін айтты.

Тарихи деректерде  Кенесарының  1847 жылы қырғыз жеріндегі  Кекілік-Сеңгір аңғарында ұсталып, Жамбы ауы­лында өлтірілгені, денесі сонда қалдырылып, бас сүйегінің Омбыдағы Батыс-Сібір аймағының генерал-губернаторы, князь  Петр Горчаковқа апарып берілгені айтылады.