САФ АЛТЫННЫҢ СЫНЫҒЫ ЕДІ...

ашық дереккөз

Ол—саф алтынның сынығы, асау ағыстың тұнұғы; әр жағына үңілсең—Абылайдың айтулы баһадүр билерінің бірі һәм бірегейі Сеңкібай; бер жағына қарасаң—Алашорда көсемдерінің бірі, қазақтың осы күнгі шекарасын белгілеп берген Әлімхан Ермеков; Алаш—Алаш болғалы қаннан қазақтың тектілігі мен бекзаттығы үзілмей, елін өгздей өрге сүйреп келе жатқан Қаракөктің тұқымы; «айдаса қойдың көсемі, сөйлесе—қызыл тілдің шешені, ұстаса—қашағанның ұзын құрығы, қалайылаған қасты орданың сырығы, билер отты би соңы, би ұлының кенжесі, буыршынның бұта шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы, бұлұт болып, Айды ашқан, мұнар болып, Күнді ашқан, мұсылман мен кәуірдің арасын бұзып дінді ашқан» (Қазтуған) ақсүйек еді! Көресінін көріп, өткелектен өтіп, ХХ-шы ғасырдан ХХІ-ші ғасырға әзер тұяқ іліктіріп, фәниден бақиға Ол да көшіп кетті...

Мен көргенде Ол қырықтың қырқасындағы жігіт ағасы еді. «Восток» совхозының директоры. КПСС-тің 23-ші съезінің делегаты. Аупорткомның пленумдары мен ауаткомның сессияларында шашын шалқасынан қайырып, азаматтық болмысын асқақ ұстап отыратын жалғыз директор осы еді. Ауатком, обком хатшыларының сөзін жүре тындаған. Елді қойша өргізіп, жусатуға әбден дағдыланып алған советтік-комунистік номенклатураның оны атарға оғы жоқ еді!

Қарақаралының жасыл орманында екеуден екеу сұхбаттасып отырған бір күні Хәкім Зәкішев:

--Мына совет өкіметі бір күні құлайды!- деді!

Менің зәрем ұшып кетті...

Ол Евгений Евтушенконы жанындай жақсы көруші еді.

Екеуі де алпысыншы жылдардағы хрушевтік «жылымықтың» түлегі. Советтік репрессияны басынан кешкен. Құл-құтан құрған қоғамға ұзында--өші, қысқада—кегі кеткен. Маған Е. Евтушенко мен А. Вознесенскидің кітаптарын Мәскеуден алып келіп тұрушы еді.

Бір күні ол Мәскеуден Евтушенконың бір кітабын алып келді. «Утрений народ» деп аталады. Сондағы «Пятнадцать мальчиков» деген өлеңді маған қалай талдап бергені әлі есімде.

--Бұл біздің Политбюро туралы өлең!-деп еді.

Брежнев шәйіт болып, орнына Андронов келген. Іле-шала Андропов дүние салып, Черненко бас хатшы болып жатқан.

--Осы өлеңді сен аударшы! Қазақ ақындарында мұндай жыр жоқ...деді көкем.

Мен тәржімалап шықтым.

Он бес бала

(Евгений Евтушенкодан)

Он бес бала еді ... ал, мүмкін,

одан да көп шыѓар!

Б. Ахмадулина.

Он бес бала еді...

Ия, Белла!Ќарау рењі!—

он бес бала еді

ќатыгез—

ќыршын жүрегі,

бас ќосты олар

зымияндыќ ойнап ділінде,

шатќалды иесіз Токионыњ түбінде.

Айќасќа шыќпаќ—жењ түріп:

Маркузеден де бір цитаталар келтіріп,

Отырды олар.

Аќ зер дүниені ањ-тањ ѓып—

Капитализмді—

жібермек,мүлде талќан ѓып!

Дәнекүс-дүние бұларѓа-даѓы ұнамай

сүйретпек оны,күйретпек оны,ќұдай-ай!

Кішкентай Троцкий...күреске шыќты,секірді!

Кіжінді бәрі –

Кішкентай Ницше секілді!

Олардыњ бір сәт шулы даусына ќұлаќ түр:

(Көсемдік жайлы есерлік талас, біраќ- бұл).

Тарихта мұндай таѓылымсыз жәйттер жетерлік,

Сөз алды сонда Азиядаѓы мешеулік пенен мекерлік:

«Күресу-ќұрту!»

Бәрін де жоймаќ, өртеп те.

Біреуі, біраќ, келіспей оѓан шыќќан-тын ќарсы он төртке.

Он төрт дос сонда орнынан ыршып тұрды да

өлтіре салды—

бас салып тұншыќтырды да!

«Обал-ай!»-деді марќұм досына жаны ашып

Он төрттіњ бірі күтпеген жерден ... бал ашып...

Ол үшін ќайтсын он үші уаќыт өлтіріп?

Асты да салды—

аяѓын көктен келтіріп!

Баќталастыќтыњ

Көмекейіндегі

жегі ќұрттары бүлкілдеп,

асыќты ажал жалмауѓа жанын біртіндеп:

он екі...

он бір...

тоѓызы...

алтау...

жетеуі...

мерт болды-бәрі!

Аќыры...

ќалды-екеуі.

Біреуі тұрып:

--Ісіміз біздіњ болуы үшін шынайы,

мен болам,-деді,- Ревалюцияныњ ќұдайы!»

Тұрды атып сонда екіншісі де(о да-сұм!):

«Мен болам—көсем!

Сен—

маѓан серік боласыњ!»

Бір-бірін естіп тұншыќтырады таѓылыќ—

арамзалыѓына адамшылыќты жамылып!

Өктемдік үшін өкпесі өшіп,

өлтірген бірі—

бірін кеп,

шашылып жатты сол жерде он бес жүгірмек!

Өледі өстіп өзімшілдіктіњ дүрмегі.

Капитализм

осыны көріп,

маќұлдап,

есімде меніњ есінен тана күлгені

сайќал көзінен жас аќќанынша—саќылдап!

Осындай небір паќыр,сұм

Ынтызар болса баланыњ мұндай ойнына-

Достоевскийдіњ «Наќұрыс»-ын

күллі ревалюцияныњ тұмар ѓып таѓам –мойнына!

Адамдар енді тарихтыњ бетін ќанменен жуындырып та,

бір-бірін өстіп өлтірмес үшін өњештеп

буындырып та.

Не істеймін енді?!

Дәрменім,шамам жоќ шыдар!

Он бес бала еді...

Ал, мүмкін, одан көп шыѓар?!

Ол осы ойына не келсе соны жасаған «Он бес баланың» заманында ғұмыр кешті. Өмір өксіген. Өзегіне--өрт, көкірегіне—дерт толған. Бірақ, Ол Қарқаралының қарағайындай тік тұрды—құлаған жоқ!

Осы «Он бес баланың» қоғамдақ жүйесіне жан-тәнімен қарсы болып өтті. Өлі-өлгенше осы «Он бес бала» оны тығырыққа тіреп, алтын басын сергелдеңге салды...

Мен өлең жазған сайын осымды Хәкім Зәкішев қалай көрер екен деп ойлап отырушы едім.

Қазір әр-бір жырымды жазарда осыны Хәкім көкемнің аруағы қалай қабыл көрер екен деген дүдәмал ойда отырамын...

Ол Испанның ұлы философы Хосе Ортега и Гасеттің «Тобырдың төңкерісіне» қасқайып қарсы шыққан тандаулыларының бірі хәм бірегейі еді. Кеше Хәкім ағамның фәниден бақиға көшкеніне тура бір жыл болған күні сол Хосе Ортега и Гасеттің «Тобырдың төңкерісі» деген ұлы еңбегін қайта бір шолып шыққанда көзіме мына бір жолдар оттай басылды: «Егер де қатарынын бір неше ұрпақ ой еңбегіне іс-жүзінде қабілетті, яғни, өнеге болуға лайықты, өзекті міндеттерге жауап берерлік деңгейдегі адамдарды дүниеге әкелмеген болса—қалың бұқараның ойлау қабілеті мен интелектулдық қуаты сарқылады. Егер бір ел ғасырлар бойы зорға күн кешіп келе жатса, оның себебін, міндетті түрде, не ірі тұлғалардың болмауынан, не бұқара халықтың оларға мойынұсынбауынан іздеген жөн. Ал егер осы екі себеп бірдей қатар орын алса, ондай елдің күні мүлдем қараң дей беріңіз. Ал Испанияны кеулеп бара жатқан ауыр дерт жайына оралар болсақ, мен оның дұрыс диагнозы—аристофобия, яғни, жақсыларды жек көрушілік дер едім...»

Хосе Ортега и Гасеттің осы толғамына Хәкім Зәкішевтің күллі ғұмырнамасы сыйып тұр. Қасиетті де, қасіретті өмірі...

Қарқаралының орманын өрт шалған 90-шы жылдары «Қарқаралы—Қараорманым» атты поэмамды жазып, оны осы кісіге арынар едім. Ол менің шығармашылығымда елден ерек орын алған тұлға. Алды-- бейіш, арты-- кеніш болғай аяулы азаматтың!

Мынау –

Қара Шордағы,

Қалың нулы Қарқаралы орманы.

Мен –

Алаш дейтін дертке түсіп жүдедім.

Бұл –

Өртке түсіп сорлады...

Біреуі – ағашзатында,

Біреуі – адамзатында,–

Сен – орманда, мен бөлек ем – ақында.

Жану үшін тудық, жазған, тағдыр – сол,

Лапылдасаң, ал, лапылда!

Лапылда!

О, дариға-ай, қамшысын төрге ілген,

Һас Сақтың бір бұтағы едік өр, мүлдем.

Қарағайға қарсы біткен бұтақтың,

Күл болғанын көрдім мен,

Тұл болғанын көрдім мен...

Ал, лапылда!

Лаулайтын тек ақын ба,

Өлең айтып өрт пенен дерт хақында?

Екеумізден өткен шерлі ешкім жоқ,

Ағашзат пен мынау адамзатыңда.

 

Серік Ақсұңқарұлы