ТОП-7 деректер топтамасы : Теміртау

Из открытых источников

LIFE09  ТОП-7 деректер топтамасын ұсынады. Бүгін темірден түйін түйген металургтердің қаласы Теміртау туралы айтатын боламыз.

Теміртау-Қарағандының солтүстік батысында 35 шақырымдай Нұра өзенінің сол жағында орналасқан серіктес қала. Қала 1945 жылы 1 қазанда бұрынғы Самарқанд поселкасы базасының орнына Теміртау қаласы болып құрылған. Мұнда Қазақстан магниткасы деп атайтын Қазақ металлургия зауыты өмірге жолдама алған. Қаланың және оның өнеркәсіп обьектілерінің құрылысы Қарағанды көмір бассейнінің игеру мерзімімен байланысты. Соғыс жылдары КСРО-ның көптеген өнеркәсіп аудандары жаудың қолында қалғанда, Қорғаныс Комитеті Қарағанды қаласының жанынан металлургия зауытының құрылысы туралы шешім қабылдады. 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты іске қосылды.

1. Қаланың аты айтып тұрғандай Теміртауды металургияның астанасы десек артық айтқандығымыз емес. Себебі мұндай алып металлургиялық комбинаттың  Қазақстан тұрмақ Орта Азияда баламасы жоқ. Комбинат шойынның-100 %, болаттың - 97 % шығарады. Қуаттылығы жөнінде ТМД көлемінде  7-ші орында. 1995 жылдың қараша айында комбинат жұмысы LNM-Qroup компаниясына берілді, компанияның негізін құрушы және басқарушы Лакшми Н Миттал мырза.  2007 жылы қыркүйек айында “Арселор Миттал Теміртау” компаниясы болып өзгерді.

2. Таяқтың екі ұшы бар ғой. Теміртау өндірістен алға басқанымен, қаладағы экология мәселесі артта қалып отыр. Атақты қара түсті қар да осы Теміртауға жауады. Бұл құбылыс алып өнідіріс ошақьарынан бөлінетін зиянды қалдықтардың әсерінен.  Белсенділер қанша дабыл қағып жүрсе де, мәселе әлі шешілген жоқ. Ауаны ластайтын қалдықтың басым бөлігі жергілікті металлургия комбинатынан шығады.  Шенеуніктер комбинаттың табиғатты қорғау шаралары тиімсіз екенін мойындайды. Есеп бойынша, мәселені шешуге миллиардтаған теңге жұмсалған, ал қалдық көлемі бір пайызға жетер-жетпес азайған. Нарық заманында пайда тапқан жақсы, бірақ табиғат ана мен денсаулықты да ойлау керек.

3. Бұл ақпартты да айналып өте алмаймыз. Теміртаулықтардың көңілдеріне мақтаныш сезімін ұялатып, мерейін үстем ететіні — тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрыш қалада шыңдалып, металлургияның қара қазанынан шыққандығы. 1960 жылы домна пешінің сегізінші дәрежелі екінші мамандығы бойынша училищені үздік бітіргендігі туралы куәлік алған соң Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеу үшін Теміртау қаласына оралды. Әрі қарай Нұрсұлтан Әбішұлының үлкен саясаттағы жолы баршаңызға аян деп ойлаймын. Тоқтар Әубакиров

4. Теміртауда Қазақстандағы трамвайы бар үш қаланың біреуі. Қалған екі тарамвай Өскемен мен Павлодар қаласында. Теміртаудың трамвай жүйесі 1959 жылғы 5 қыркүйекте ашылды. Трамвай бағдары бұрын төртеу болатын, қазір соның тек біреуі пайдаланылады. Жүру құны шатыспасам 50 теңге болу керек. Соңғы кезде трамвай қызметі біржола тоқтауы мүмкін деген сыбыс тараған. Өкінішті әрине. Жабылмай-ақ қойса деген тілегіміз бар.

5. Қазір айтатын нәрсем мақтанатындай дерек емес. Сондада айта кеткенді жөн көріп отырмын. 20 ғасырдың соңына таман әлемді шошытқан ЖИТС  яғни СПИД инфекциясы АҚШ-та шықты. Бұл індет Қазақстандыда айналып өтпеді. Біздің елде аты жаман дерт  алғаш рет 1990 жылы осы Теміртау қаласында тіркелген.  Содан бері барлық аймаққа тараған аты жаман сырқатқа қарсы күрес қарқынды болғанымен, төрткіл дүниеде оның емін таба алмай келеді. Сондықтан қарапайым ғана сақтану шараларын сақтауды ұмытпайықшы. Арты орны толмас өкінішке ұласпасын.

6. Теміртау қаласында 2011 жылы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени мұражайы ашылды. Теміртау - Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолының маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан орталықтың орналасуы өте символикалық. Мұражай ғимаратының өзі, оның көгілдір түсті үлкен, жылтылдап тұрған шатыры, тіпті, алыстан да назар аударады. Мұнда Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына елдің ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсететін ғылыми-зерттеу жұмыстары, түрлі іс-шаралар жүргізіледі.

7. Теміртау үлкендігі жағынан Облыс орталығы Қарағандыдан кейін екінші қала. 200 мыңға жуық халқы бар металургтер шаһары  ескі ,жаңа және соцгород болып үшке бөлінеді. Жалпы қалада кеңестік архитектура бойынша салынған. 90 жылдары басқада моно қалалар сияқты мұндағы криминалды ахуал өте нашар болды. Сол бір кезеңде қалада нашақорлық қатты белең алды. Ал қазір жағдай мүлде бөлек. Теміртау қазір өндірісі дамыған қалалардың қатарында.

Теміртауда әйгілі қысқы бақ бар. Жылдың төрт мезгіліндеде құлпырып тұратын бұл бақ 1993 жылы 16 қаңтарда ашылды. Жылыжайдың ауданы - 2 мың шаршы метрден асады. Оның жобалық орындалуы күрделі етіп жоспарланған. Арка түріндегі биік ғимарат шығыс стилінде салынған, төменгі жағында витраждармен жабылған.Қысқы бақта отаны тропикалық, субтропикалық және әлемнің шөлді аймақтарында өсетін көптеген ерекше өсімдіктің 120-дан астам түрі жиналған.