ТОП-7 деректер топтамасы : Жаңа жыл

LIFE09

Қыр астында бәріміз асыға күтетін жаңа-жыл мерекесі келіп қалды. Ендеше life09 –дың Топ-7 жобасы кезекті санын осы жаңа-жыл мерекесіне арнайды. Бізбен бірге болыңыздар.

Ғалымдардың айтуынша, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. АЯ: Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бастайды. Ал түркі халықтарында жаңа-жыл наурыз айында тойланған. Қазір халықаралық одақпен қабылданған григориан күнтізбесі бойынша жаңа-жыл 31 желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған түні тойланады.

1.Алғашқы дерегімізді жаңа-жылдың символына айналған шыршадан бастайық. Алғашқы құжаттық дәлелдемелер бойынша жаңажылдық шыршаны безендіру дәстүрі XVII ғасырдың басынан басталады. Тарихшылардың пайымдауынша, алғашқы безендірілген ағаштар Эльзас жерінде пайда болды. Жаңажылдық ағашқа безендірулер ретінде түрлі түсті қағаздан жасалған раушан гүлдері, алмалар, печенье, қант пен жылтырақтар болды. Шыршаның алғашқы шыны шары XVI ғасырла Тюрингияда (Саксония) жасалды. Ал электрикалық гирляндамен безендірілген алғашқы шырша 1895 жылы американдық Ақ үйдің алдына қойылды.

2.Жаңа жылдың басты кейіпкері – Аяз Ата жұрт ойлағандай кәрі емес. Шамамен 150 жыл бұрын Жаңа жыл символына айналыпты. Бастапқыда Аяз ата жалғыз жаңажылдық кейіпкер еді. 1873 жылы Александр Островский "Қаршақыз" пьесасын жазады. Сөйтіп, аппақ қардай сұлу қыз әуелі Аяз атаның туған қызы, кейінірек немересі болады. Неге бұлай өзгергенін түсіндіру қиын. Тағы бір жаңажылдық кейіпкер – Аққала – ХІХ ғасырда пайда болды. Сол замандағы аққала қазіргіден айнымайды: қардан жасалған үш шарды бірінің үстіне бірін қойып, басына шелек кигізеді, мұрнының орнына сәбіз тығып, қолына сыпыртқы ұстатқан. Басқа-басқа аққала жасамаған бала жоқ шығар.

3.Сол Аяз Атаның резиденциясы Лапландия мен Великий Устюгте орналасқан. Елге танымалы Лапландия. Финляндияның солтүстік бөлігі "Лапландия" деп аталады.  Ол жақтың қысы өте қаһарлы. Ондағы ауа температурасы -40°C-ты көрсетіп тұрады. Мұнда адамға қарағанда бұғы көп мекен етеді. Осы Лапландияда Аяз атаның штаб-пәтері бар. Ол жерде барлық маңызды іс шешіледі. Және әлемнің бұрыш-бұрышында жазылатын хаттар осы мекемеге келеді екен. Ниет білдірушілер төмендегі мекенжай бойынша хат жолдай алады:

4.Батыстың сеніміндегі Санта-Клаусты алып ұшатын бұғылар бар ғой. Сол бұғылардың әрқайсының аты барын білесіз бе? Білмесеңіз біле жүріңіз. Бұғылар Дэшер, Дэнсер, Прэнсер, Виксен, Комет, Кюпид, Доннер, Блитцен.

5.Әлемдегі ең үлкен шырша Италияның Губбио (Умбрия) коммунасында орнатылған. Инджино тауына арқа сүйеп тұрған композицияны шырша деп атау қиындау, алайда оның түрі соған саяды. Биіктігі - 650 метр, ені - 350 метр. Шыршаның бел ортасы 260 шырақпен безендірілген, ал жоғары бөлігіне 200 шырағдан қажет болған. Мұндай шырша Инджино тауына алғаш рет 1981 жылы орнатылған, алайда ол тек 1991 жылы ғана Гиннесстің рекордтар кітабына енген.

6.Жаңа жыл кезеңі халық үшін нағыз шығынның, саудагерлер үшін пайдаға толы ай. Жаңа-жылға дайындық үшін орта есеппен сыйлықтарды есептемегенде орта есеппен 100-120000 ақша жұмсалады екен. Сыйлықтарды қосқан кезде шығын 1 млн теңгеге дейін барады. Сұмдық енді. Сондықтан жаңа жылмен өмір бітпейтінін ескеріп, алдағы айларыңызды ойлап қойған дұрыс ау.

7.Жаңа жылдағы жақсы дәстүрдің бірі отбасылық кино көру. Бір қызығы аты аңызға айналған  "Ирония судьбы" және «Один дома» фильмдері жыл сайын бірнеше млн қаралымға жаңарып отырады екен. Сюжетін жатқа білсекте жалықтырмайтын нағыз аңыз картиналар ия.

Жанайдар жаңа жылды тойлауға болмайды деп жатыр , оған не дейсің. Ия, не айтпағыңды түсініп отырмын. Біріншіден жаңа жыл мемлекеттік мереке. Екіншіде жаңа жылды қарсы алу сылтауымен отбасы мүшелерінің басы бір дастарханға жиылады. Демек бұл мереке отбасы бірлігінің, сағынған жанжардың қауышатын мерекесі.АЯ: Дұрыс айтсың, сыныққа сылтау жетеді. Оданда мерекеже жақындарыңызбен бірге болуға асығайық. Жаңа жыл құтты болсын. Келер жылы кездескенше аман саы болыңыздар.