Референдумда шетелдегі қазақстандықтар қалай дауыс береді

Ашық дереккөз

Алдағы референдумға шетелдегі Қазақстан азаматтары да дауыс бере алады. Ол үшін шетелде арнайы 51 сайлау учаскесі құрылғанын.Бұл жайында орталық референдум комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Шетелдегі Қазақстан азаматтарына қойылатын негізгі талап Қазақстан азаматы екендігін растайтын төлқұжатының болуы.

Ал еліміз бойынша референдумға 18 жасқа толған Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Тек сот әрекетсіз деп таныған және бас бостандығынан айырылған азаматтар қатыса алмайды.

Облыс бойынша референдум өтетін 777 учаск құрылып, 5 мыңдай комиссия мүшесі жұмыс істейді.

5-ші маусымға дейін әр азаматқа дауыс беру учаскісі жайында арнайы хабарлама жолданады. Облыс тұрғындары дауыс беру тізімін sailau09.kz және e-krg.kz сайты бойынша онлайн тексере алады. Ол үшін ЖСН енгізсеңіз жеткілікті. Егер өзіңізді интернет арқылы сайлаушылар тізімінен тексере алмасаңыз SENIM109 қоңырау шалыңыз.

Енгізілетін өзгерістердің ең негізгілері:

Өлім жазасынан түбегейлі бас тартуды ұсынды.

Одан кейінгі қаралатын бап басқару формасын өзгерту, соның ішінде президенттің өкілеттігін өзгерту.

Халық жер мен табиғи ресурстардың иесі. Жердің қойнауындағы байлық, мал мүлік, су көздері, өсімдіктер жан -жануарлар да халықтың иелігіне өтеді.

Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайланбайды т.б

Ал референдумға үгіт насихат жұмысы 4 маусым күні аяқталады.