Көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды

Шет ауданы әкімдігі

Шет ауданында «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды. Мемлекеттік тапсырыс аясында «Talbesyk» көпбалалы аналар Одағы» қоғамдық бірлестігі арқылы жүзеге асып отырған орталықтың ашылу салтанатына жергілікті әкімдік өкілдері мен аудандағы көпбалалы аналар қатысты.

Шара барысында аудан әкімі М.Мұхтаров пен Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Президент жанындағы әйелдер істері және демографиялық  саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі  және «Талбесік көпбалалы балалар одағы» қоғамдық бірлестіктің жетекшісі, «Шаңырақ» орталығының директоры Л.Қожахметова құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың салтанатты түрде лентасын қиды. Қазақы киінген қыз – келіншектер шашу шашып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін тарту етті. Сондай – ақ, көпбалалы аналар атынан «Алтын алқа» иегері Ү.Боханова сөз сөйлеп, орталықтан көптеген қолдаулар күтетінін жеткізді. «Шаңырақ» орталығының директоры Ләззат Таймырқызының айтуынша аталмыш орталық алдағы уақытта көпбалалы отбасыларға тегін заңгерлік, психологиялық кеңестер, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналасуға, кәсіпкерлік, тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға көмектер көрсетіп, электронды үкімет порталы бойынша қызметтер көрсетеді әрі көптеген мәдени – спорттық, қайрымдылық шараларын  іске асырады екен.

Орталықтың жұмыс кестесі дүйсенбіден – жұмаға дейін. Орталық қызметіне көпбалалы аналар Ақсу – Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 73/2 мекенжайы бойынша жүгіне алады.