Футбол аңызы дүниеден өтті

gazeteduvar.com.tr

Неміс футболының аңызы Франц Беккенбауэр 78 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Беккенбауэр Германияның «Бавария» мен «Гамбург», сондай-ақ америкалық «Нью-Йорк Космос» командаларында өнер көрсеткен. Жалпы, Франц клубтық деңгейдегі барлық турнирде 620 матч өткізіп, 74 гол соғып, 75 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, Беккенбауэр Германия құрамасы сапында 103 ойынға қатысып, 14 гол соққан. Спортшы бір рет әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.

Сонымен қатар, 1972 және 1976 жылдары екі рет «Алтын доп» жүлдесін, үш рет Чемпиондар лигасын, бес рет Бундеслига, төрт рет Германия кубогын, сондай-ақ бір рет Еуропа кубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған болатын.