Футболда көк қағаз пайда болады

Сурет: pixabay.com

Футболда жақын арада көк қағаздар пайда болады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Заманауи футболды тағы бір жаңашылдық күтіп тұр. Жақын арада төрешілер футболшыларға сары немесе қызыл қағаз ғана көрсетіп қоймай, оларды көк қағазбен де жазалайтын болады.

The Telegraph мәліметінше, мұндай қағаз алған ойыншы алаңнан небәрі 10 минутқа қуылады. Бұл жаза қарсыласына қарсы әдейі дөрекі ойнаған, төрешімен сөз таластырған ойыншыларға қолданылмақ.

Дегенмен жаңашылдық барлығына бірдей қатысты қолданылмайды екен. Әзірге көк қағаз әйелдер мен жастар футболында, сонымен қатар төменгі лигаларда сынақтан өтеді.