Головкин мен "суперчемпион" жұдырықтасатын күн анықталды

Фото: Турар Казангапов

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жек күні белгілі болды, - деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық пен жапониялық арасындағы айқас 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super аренасында өтеді. 

Майк Коппинджер бокс кеші Жапониядағы прайм-тайм кезінде жергілікті уақыт бойынша 22:23-те басталатынын айтты. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 19:20-да тамашалай алады.