12 мамырда Қарағандыда симфониялық оркестрдің концерті өтеді

Фото: gov.kz

12 мамыр сағат 17:00-де "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі концерт береді. Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Бекзат Рақымов (фортепиано, Мәскеу қ.).

Бағдарламада – К.-М. фон Вебер "Сиқырлы атқыш" операсынан увертюра, Л. ван Бетховен оркестрмен фортепианоға арналған № 1 Концерт, до мажор, оп.15, Ф. Шуберт № 7 Симфония ("Үлкен") до мажор.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.

Анықтама телефоны: 41-13-14, 41-22-30.